Атырау, 25 қараша 20:54
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауға мемлекеттік хатшы, министр және 200 патриот келе жатыр

3 963 просмотра

Көрнекі сурет.Көрнекі сурет.4 маусымда Атырауда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Менің Қазақстаным» атты VІ Республикалық патриоттар форумы өтеді. Бұл жолы ол Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған.

Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН хабарлағандай, форумға еліміздің бүкіл өңірінен 200-ден астам делегат жиналмақ.

ҚР мемлекеттік хатшысы Марат ТӘЖИН, мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД келеді деп күтілуде.

Бағдарлама бойынша таңертеңгі сағат 9-дан 10-ға дейін «Ақ Жайық» қонақ үйінен Махамбет-Исатай алаңына дейін делегаттар шеруі өтеді (осыған байланысты орталық көпір сағат 8-ден 10-ға дейін жабылады). Сағат 10-да (Астана уақыты бойынша 11-де) – Атырау мен барлық облыс орталықтарында бірдей уақытта мемлекеттік ту салтанатты түрде көтеріліп, әнұран орындалады. Әкімдіктегілер мұның (бүкіл ел бойынша әнұранның) олардың бастамасымен Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырғанын мақтанышпен айтты.   

Сағат 15-те делегаттар Атырау университетінің «Жайық» спорт кешеніне жиналмақ. Ал соңынан – Жилгородок маңындағы Жайық өзенінде қазақстандық әртістердің концерті мен лазерлік шоу (басталуы 21.00-де) өтеді. Лазерлік шоуға арналған аппаратураны жаяу жүргінші көпіріне орнатады, ал көрермендер көлік көпірі мен жағалаудан тамашалап, әртістер өзенде понтонда тұрып өнер көрсетеді.

Жилгородоктағы екі көпір де осыған байланысты 4 маусымда түстен кейін жабылмақ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

31 мамыр 2013, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.