Атырау, 22 желтоқсан 12:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жаңаөзенде аштық жариялағандар екі сағаттық аштықтан кейін жедел жәрдем шақырды

609 рет қаралды

Сәрсенбі, наурыздың 5-і күні жаңаөзендік жұмыссыздардың арасынан 23 адам мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп, қала әкімдігінің алдында аштық жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

5 наурыз күні сағат 17:55-те Жаңаөзен қаласының 23 тұрғыны жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ саласына жұмысқа алуды талап етіп, аштық жариялады. Бұл ақпаратты олар жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жеткізген. 

Бұған дейін оларға мұнай-газ секторындағы жұмыспен қамту алгоритімін сақтай отыра, 250 мың теңгеге дейінгі жалақысы бар жұмыс орындары бірнеше рет ұсынылған болатын. Уәкілетті тұлғалар олардың жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ секторына тікелей жұмысқа орналасу туралы талабының басқа үміткерлерге әділетсіздік болатынын түсіндірді. 

Бұл уәжбен келіспеген 23 адам 5 наурыз күні сағат 17:55-те аштық жариялаған. 

- 5 наурыз күні сағат 19:13-те Жаңаөзен қаласының жедел жәрдем станциясына қалалық әкімдік ғимаратының маңында жүргендер аштық жариялап, өзін нашар сезініп жатқанын хабарлаған. Бірінші жедел жәрдем сол мезетте, екіншісі 19:41-де жөнелтілді. Біздің қызметіміздің жедел әрекет етуінің арқасында бірінші топ қоңыраудан кейін 5-6 минут ішінде оқиға орнына жетті. Сараптама қорытындысы бойынша барлығы 19 адамның жағдайы қанағаттанарлық және сау деп бағаланды. Төртеуі сараптамадан бас тартты. Ауруханаға жатқызу белгілері болған жоқ. 5-наурызда жедел жәрдемге жалпы 50-ден астам шақырту түсті. Ал бізде 10 ғана бригада бар. Біз тұрғындарды жедел-жәрдем қызметтерін жауапкершілікпен пайдалануға шақырамыз және негізсіз қоңыраулардың шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуде кедергі келтіретінін ескертеміз, - деді Маңғыстау облыстық жедел жәрдем стансасы бастығының Жаңаөзен қаласындағы орынбасары Әлішер Көмеков. 

Жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу үшін аштық жариялағандар полиция бөліміне жеткізіліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарынан кейін заңсыз әрекеттері тоқтатылды. 

6 наурыз 2024, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.