Атырау, 28 сәуір 01:42
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қыз зорлады деп айыпталған бұрынғы полиция бастығы сот залынан ауруханаға жеткізілді

454 просмотра

Талдықорған қалалық полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев сот залынан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта, дәрігерлер бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды», - деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 2024 жылы 28 ақпанда Марат Күштібаевтың зорлау ісі бойынша сот процесі басталған болатын. Процесс жабық режимде өтіп жатыр. Ол тоғыз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

6 наурыз, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.