Атырау, 22 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Жалған төлқұжатпен екі шетел азаматы ұсталды

701 рет қаралды

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі. 

Айталық, 2024 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды.

Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды.   

Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды.

2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлайды.

6 наурыз 2024, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.