Атырау, 28 сәуір 02:11
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Корея геологтары Қазақстанда құны 15,7 миллиард доллар болатын литий кен орнын тапты

364 просмотра
Сурет: Ренхап

Кореяның геоғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM) Қазақстанның шығысындағы кен орнын игеру жоспарын жариялады, деп жазады Орда.

Бұл туралы Korea Times хабарлайды.

Ғалымдар кен орнының көлемі 1,6 шаршы шақырымды құрайтынын хабарлады. Бұрын бұл жерден тантал өндірілген.

«KIGAM Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша өткен жылдың мамыр айынан бастап танталдың әдетте литий мен цезиймен бірге жеткізілетінін ескере отырып, аймақты зерттеп жатыр» деп жазады The Korea Times.

Литий аккумуляторлардың негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, электромобиль өнеркәсібі және басқа да заманауи салалар үшін маңызды минералдардың бірі болып табылады. Табылған ресурстардың құны шамамен 15,7 миллиард долларға бағаланады.

KIGAM келесі жылы литий өндіруді бастау үшін аймақта бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр.

6 наурыз, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.