«Сирия ресейлік зениттік зымырандардың алғашқы топтамасын алды. Қалған кешендер жақын арада жеткізіледі»,-деді саясаткер.
Сейсенбіде Ресей сыртқы істер вице-министрі Сергей Рябков С-300 тұрақтандыру факторы болып табылатынын, себебі, қақтығысқа араласуға ниеттілердің бұл қадамын болдырмауға ықпал ететінін айтқан еді. Дипломат сол кезде Дамаскіге кешендерді жеткізу мерзімін нақты айтпады.
Бұдан бұрын Франция, АҚШ және Израиль Мәскеуге сириялық әскерге қару жеткізуден тартынуға шақырған болатын.
Дереккөз: inform.kz