Атырау, 19 мамыр 14:44
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Келер жылы құтқарушылардың жалақысы еселенеді

372 просмотра

Елімізде құтқарушылардың жалақысы 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайтылады, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Бұл туралы Үкімет басшысы хабарлады.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов құтқарушылардың жалақысы көтеру мақсатында сауал жолдаған болатын.

Үкімет басшысы Бектенов 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 40%-ға өскенін айтты.

Сондай-ақ денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін құтқарушыларға лауазымдық жалақысының 70%-ы мөлшерінде қосымша ақы белгіленді, - деді өз сөзінде Премьер.

Бұдан бөлек, қызметкерлердің жалақысы да кезең-кезеңімен көтеріліп жатқанын айтты.

Құтқарушылардың жалақысы қалай көтеріліп жатыр. Ал Үкімет құтқарушылардың жалақысы 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайтылатынын есептеді.

5 наурыз, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.