Атырау, 3 мамыр 14:26
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Нұралы Әлиевтің туысы Қазмұнайгазға қарсы соттан жеңілді

317 просмотра

Ақпанның соңында Алматы облысының Талғар аудандық соты Руслан Адайбековтың талап арызы бойынша шешім шығарды. Ол ұлттық компания өзіне тиесілі жер теліміне заңсыз және оның рұқсатынсыз сорғы станциясын салып, 0,52 гектар аумақты өз бетінше басып алғанын айтты.

ҚМГ заңгерлері сотта барлық қажетті рұқсат пен жобалық құжаттарды алғаннан кейін сорғы станциясының салынып, пайдалануға берілгенін дәлелдеді. Ол сорғы грек-рим және еркін күрес, таэквондо, каратэ, көркем гимнастика және велоспорттан ұлттық құрама команда спортшылары жаттығатын «Ақ бұлақ» шипажайын ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз етіп отыр.

Су айырылса, «Ақ бұлақ» шипажайы жұмысын тоқтатып, жүзден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл дауда сот ұлттық компанияның пайдасына шешім шығарды.

Руслан Адайбеков – экс-президенттің үлкен немересі Нұралы Әлиевтің қайын енесі Лейла Адайбекованың ағасы. Оның ұлы Елнар Адайбеков 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың маусымына дейін «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. Ал Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы сол акционерлік қоғамның акция иелерінің бірі. 

5 наурыз, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.