Атырау, 3 мамыр 18:13
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Түркістан облысында теміржол көпірінің қоршауы құлағаны үшін ҚТЖ-ға айыппұл салынды

307 просмотра

Түркістан облысында "Қызылсай-Манкент" арасындағы теміржол көпірінің бөлігі опырылған. ПД әкімшілік іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды 24.KZ телеарнасы. 

Телеарна тілшілерінің полиция департаменті ақпаратына сілтеме жасап хабарлауынша, "Қазақстан темір жолы" компаниясы жауапкершілікке тартылды. Енді мекеме "жолдарда жұмыс жүргізу, жолдарды күтіп ұстау, теміржол өткелдері және басқа да жол құрылыстары бойынша талаптарды орындамау" бабы бойынша айыппұл төлеуі тиіс. Ақау толық жойылмаса материал сотқа жолданады. 

Бұған "Қызылсай-Манкент" арасындағы теміржол көпірі қоршауының опырылып, жолдың көлік жүретін бөлігіне құлағаны себеп болған. Теміржол өткелі - Шымкент пен Сайрам ауданын бөліп тұр және автокөлік нөпірі көп жолдардың біріне жатады. 

5 наурыз, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.