Атырау, 25 қараша 20:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әкім мен орынбасарлары табыстарын жария етті

3 232 просмотра

Атырау қаласының әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ пен оның орынбасарлары өз табыстарын жариялады.

Оның аппараты ұсынған ақпарат бойынша, 2012 жылы мұнай астанасының мэрі 1,8 млн теңге табыс тауып, ол бойынша 154 мың теңге салық төлеген. Айдарбековтің пәтері мен (уақытша акт бойынша) жер телімі бар.

Оның орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ табысы өткен жылы 1,9 млн теңге болып, 150 мың теңге салық төлеген. Айтбаевтың иелігінде пәтері, көлігі және бау-бақша учаскесі бар.

Айжан ҚАРАБАЕВАНЫҢ табысы 1,38 млн теңге құрап, 103 мың теңге салық төлеген, меншігінде ештеңе жоқ.  

Әкім аппаратының жетекшісі Бауыржан ҚҰСНИЕВ 671 мың теңге табыс тауып, 53 мың теңге салық төлеген. Иелігінде пәтері, көлігі және жер телімі бар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 мамыр 2013, 19:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.