Атырау, 3 мамыр 16:22
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Жәбірленуші 5 қабаттан секіріп кеткен»: полицейлер бірнеше өңірде бопсалаушыларды ұстады

310 просмотра
Видео кадры

Ішкі істер министрлігі бопсалаушылар тобын анықтауға және олардың жолын кесуге ерекше назар аударады. Жыл басынан бері ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 130-дан астам осындай фактіні анықтап, жолын кесті. Оның ішінде қылмыстық топтар жасаған фактілер де бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 ақпанда ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды.

Мысалы, олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған. 

Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көп жарақат алды. 

Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

Олар бопсалау, тонау және алаяқтықпен айналысқан. Аталған факті бойынша сегіз қылмыстық іс тергелуде және күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Ақмола облысында екі жастар тобы арасындағы қақтығысқа тосқауыл қойылды. 

Оқиға орнында травматикалық және суық қару, дубинкалар, сондай-ақ соққы жасауға арналған басқа да металл және ағаш заттар табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша іс қозғалды. 

"Барлық факті бойынша күдіктілер ұсталды. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды. Құрметті азаматтар, егер сіздер қылмыстық топтар тарапынан қол сұғушылыққа тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялылығына кепілдік береміз және сізді қорғап, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді саламыз", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

5 наурыз, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.