Атырау, 22 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты тапсырма берді

556 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 

  • Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды.
  • Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.

4 наурыз 2024, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.