Атырау, 19 сәуір 19:35
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Олимпиадашылар атыраулық киім киеді

8 246 просмотра

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін, З0 мамыр күні Астанада Қазақстан олимпиада құрамасының 2014 жылғы Сочи қысқы ойындарына киетін спорттық киімдерінің дизаины байқауы мен интернет-дауыс берудің қорытындысы жарияланды.

Байқау 14-28 мамыр аралығында өтті және оған 22 дизайнер қатысты. Финалға үш үміткер: Ayoko Bo сән үйі (Айжан БОКАЕВА), Алматы қаласынан «КазСПО-N» компаниясы және жас дизайнер Таис Доу Гуан Чжоу өтті. Интернет-дауыс берудің қорытындысы бойынша 952 дауыс жинаған Айжан жеңіске жетті. КазСПО-N одан небары екі дауыс кем жинады.

Қазақстандық спортшыларға арналған костюмдерді әзірлеуге қатысу туралы ой Айжанға Пекин Олимпиадасынан жүргізілген репортаждарды көру кезінде келген екен.

- Содан бері осы ой басымнан кетпеді. 1 сәуірде мен Атырауда Сән үйін аштым, ал 14 мамырда мені осы қуанышты оқиғамен құттықтауға келген досым сол күні олимпиадалық костюмдерді тігу бойынша байқау басталғанын айтты. Бұл идея басымда көптен жүргендіктен, сызбалармен жұмыс көп уақыт алмады, - дейді дизайнер.

Айжан Алматыда туған, Атырауға бұдан үш жыл бұрын бір мемлекеттік бағдарламаны ресімдеуге қатысу үшін шақырылған.

- Басында бір айға келгем, содан бері үш жыл өтті, осындамын, Сән үйін де аштым, -деп күледі қыз.

 Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 мамыр 2013, 19:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.