Атырау, 3 мамыр 10:01
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Депутат байланыс нөмерін сатуға шектеу қоюды ұсынды

314 просмотра
Фото: freepik.com

Мәжілісте «Киберқылмысқа қарсы күресудің өзекті мәселелері» туралы комитеттің тақырыптық отырысында депутат, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Жарқынбек Амантай байланыс нөмерін сатуға шектеу қоюды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Депутаттың пікірінше, бұл алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Павлодар облысының полиция департаменті өкілдерімен кездестім. Олар SIM-карта (байланыс нөмірлерін) беруді шектеу керек деген ұсыныс айтты. Қоғамда оны кез келген дүкенде, бір кісіге шексіз, көп SIM-картаны сатуға болады. Кейбір елдердің тәжірибесін қарасақ, оны тек байланыс операторының филиалынан сатып алуға рұқсат бар. Жекелеген дүкендер мұны сата бермейді. Осыған шектеу қойсаңыздар. Бір кісіге кем дегенде 2-3 SIM-картадан артық берілмесе. Павлодар облысы ПД қызметкерлері бұл үлкен көмек болады деп отыр. Осы мәселені заң жүзінде қарастыруға бола ма?» - деді Жарқынбек Амантай Мәжілісте.

ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов шектеу енгізілмейтінін атап өтті. Себебі алып-сатарлық көбеюі мүмкін.

«Біз SIM-карта санын шектеуді емес, оны сәйкестендіруді (активизация) ұсынып отырмыз. Себебі шектеу енгізілсе, оны біреуге қайта сататын адамдар пайда болуы мүмкін. Бізде адамдардың «іскер» екенін білесіздер. Сондықтан мемлекет тарапынан қажетсіз шектеу туғызбас үшін біз адам санын анықтап, содан кейін ғана SIM активация жасауды ұсынамын. Қазір мұндай ұсыныс қарастырылып жатыр», - деді басшы.

4 наурыз, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.