Атырау, 22 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып түсті

Бейнежазба
530 рет қаралды

Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан пойыз өтетін көпірдің бір бөлігі құлап түскенін көруге болады. Аталған жағдайдан көпір үстіндегі пойызбен, астындағы өткелде тұрған көліктерге де қауіп төнген.

«Қазақстан темір жолы» АҚ мәліметіне сүйенсек, оқиға 3 наурыз күні Қызылсай – Манкент аралығындағы Арыс – Түлкібас учаскесінде болған. Ауыр баннерден түскен жүктің салдарынан қоршау көпірінің бір бөлігі опырылып құлаған. 

«Ешкім зардап шеккен жоқ, оқиға пойыз қызметіне әсер етпеді. Жолдардағы пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ және пойыздарға қауіп төнбеді. Жолды қоқыстан тазарту үшін бригадалар 20 минуттан кейін келіп, автожолдың жүріс бөлігін қоршау сынықтарынан тазартты. Қазіргі уақытта құрылым жиектерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - делінген ақпаратта.
4 наурыз 2024, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.