Атырау, 22 желтоқсан 04:16
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​​Маңғыстауда "Тропикамидтің" 45 мың қаптамасы рецептсіз сатылды

634 рет қаралды

Маңғыстау облысының прокуратурасы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Нәтижесінде тиісті лицензиясысы жоқ дәріхана қызметін жүзеге асыру фактісі, сондай-ақ мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау және «Тропикамид» дәрілік заттарын  үлкен көлемінде (45 мыңнан астам қаптама, бұл облыс бойынша сатып алудың 55%  көлемін құрайды) рецептсіз сату деректері анықталды.

Тропикамид - адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін, есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфориялық реакция алуға мүмкіндік беретін препарат.

Осыған орай, облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесімен дәріхананың иесі ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі (лицензиялау нормаларын бұзу) және  426-бабының 1, 3-бөліктерімен (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бұл ретте сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды.

4 наурыз 2024, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.