Атырау, 24 қыркүйек 12:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Qnet қаржы пирамидасының басшысына халықаралық іздеу жарияланды

860 просмотра
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша азаматы ҚР азаматы Алмас Жұбанаевқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2019-2022 ж.ж. Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 11.10.1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлы іздеуге жарияланады. Бұлтартпау шарасы «Қамауда ұстау» , іздеу түрі – «Халықаралық», - делінген ведомство хабарламасында.

Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында «Instagram» әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

«Жәбірленушілердің жалпы саны 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңгені құрайды. Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 8-775-125-55-54 8-701-527-10-45», - делінген хабарламада.

1 наурыз, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.