Атырау, 25 қараша 20:37
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүрдек пойыз әлі жүрген жоқ

2 951 просмотра

4 маусымға белгіленген «Алматы - Атырау» бағытындағы жүрдек жолаушылар пойызын іске қосу алдын ала бір айға кейінге қалдырылды. Бұл туралы Атырау теміржол бөлімшесі бастығының орынбасары Алтай КӨБЕГЕНОВ хабарлады.

Жүрдек бағытқа арналған вагондар Астанада «Тұлпар-Тальго» қазақстандық-испандық кәсіпорнында жасалады. Орталық БАҚ-тарда хабарланғандай, сағатына 140 шақырымға дейінгі жылдамдықта жүретін бұл пойыздар «Алматы – Астана», «Астана – Ақтөбе», «Алматы – Шымкент» және «Алматы – Петропавловск» бағытындағы рейстерге шығып жүр. 2013 жылы «Алматы – Атырау» және «Астана – Атырау» составын іске қосу жоспарланған. Атап айтқанда, «Алматы - Атырау» жолаушылар пойызы үшін жол жүру уақыты 10 сағатқа қысқарған.

Салыстыру үшін: №041Ц «Алматы – Атырау» пойызының жолаушылары жолда 49 сағат жүреді.

А. Көбегеновтің айтуынша, облыс аумағы бойынша пойыздың қозғалуына дайындық аяқталып қалған. Оның жүріс жолындағы 7 автомобиль тораптарына тәуліктік күзет қойылып, шлагбаумдар орнатылған. Астанадан материалдардың келуіне қарай теміржолға мал шығып кетпес үшін ағаш қоршаулар салынбақ. Ақтөбе аумағындағы жолдардың дайын болмауы салдарынан «Тальгоны» іске қосу кешіктіріліп отыр, деп хабарлады Көбегенов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 мамыр 2013, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.