Атырау, 6 мамыр 03:41
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ерболат Досаев өзіне картина сыйлаған алматылықтан кешірім сұрады

468 просмотра

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мегаполис халқымен өткен кездесуде оған картина сыйлаған алматылықтан кешірім сұрады, деп хабарлады inbusiness.kz.

Қала басшысының Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде осыған дейін Досаевқа сыйлық берген жігіт келді. Әкім алматылықтан хейтке ұшырағаны үшін кешірім сұрады.

“Қалыңыз қалай? Мен үшін хейттің астында қалдыңыз, кешіріңіз. Кейде шын ниетпен жасалған дүниелерді қоғам қабылдай бермейді. Салдарынан осындай танымалдылық пайда болады. Бір жағынан, менің және әріптестерімнің жұмысына оң баға берілгеніне ризамын, алайда саған келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын”, - деді Досаев.

Өз кезегінде шаһар тұрғыны хейт жасағандарға жүгінді.

“Дұрыс айтасыз. Отырып алып пікір білдіру оңай, ал осылай келіп, кездесуге дайындалу, өз ойыңды айту, идея ұсыну өте қиын”, - деді алматылық.

Айта кету керек, осыған дейін Алматы тұрғыны қала басшысы Ерболат Досаевқа картина сыйлаған болатын.

29 ақпан, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.