Атырау, 6 мамыр 04:02
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Мораторий алынды: бизнесті жаппай тексеру бастала ма?

370 просмотра

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий аяқталғанын, бірақ кәсіпкерлерден көп шағым түспегенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Мораторий 3 жыл жұмыс істеді. Кейін ол тағы бір жылға ұзартылды. Нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілері тексерілмеді. Мұның ірі бизнеске қатысы болмады. Ол (мораторий) 2023 жылғы 31 желтоқсанда бітті. Біз (кәсіпкерлерден) «жаппай тексеріс басталды, жағдай қиындап кетті» деген шағымды көріп отырған жоқпыз. Ондай жоқ», - деді Тимур Жақсылықов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Ол бүгінде тексеріс азайғанын, бизнесті тексеру процесі цифрландырылып жатқанын атап өтті.

...Біз керек емес талаптар үшін бизнесті жазаламаймыз. Заң аясында тиісті жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде заң ақылға қонымды, түсінікті, өзекті болды. Жұмыс осымен тоқтап қалмайды, - деді вице-министр.
29 ақпан, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.