Атырау, 6 мамыр 09:50
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

ЕАЭО елдерінде медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімі ұзаратын болды

348 просмотра
фото: freepik.com

Сенаттың жалпы отырысында ЕАЭО аясында медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу жайлы хаттама ратификацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында медициналық бұйымдардың ортақ нарығының жұмыс істеуі 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарт пен 2014 жылғы 23 желтоқсандағы ЕАЭО аясында медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге, сондай-ақ медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа медициналық бұйымдарды тіркеу тек аталған ЕАЭО ережелері бойынша жүзеге асырылуы тиіс болатын», - деді Айгүл Қапбарова.  

Ауыспалы кезеңнің аяқталуына медицина нарығының дайын еместігі туралы бизнес-қоғамдастықтың өтінішіне байланысты, 2022 жылдың соңында ЕЭК Алқасы ұлттық қағидалар бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы хаттама жобасын әзірледі және мақұлдады.  

«Заң ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасының талаптары бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімін ұзартуды көздейді. Бүкіл әлемде медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің параметрлері мемлекеттік деңгейде бақыланады. ҚР қолданыстағы заңнамасы медициналық бұйымдарды міндетті түрде мемлекетттік тіркеуді және тіркеу куәлігін алуды талап етеді. Сондықтан, Хаттама нормалары, ЕАЭО шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты тереңдетуге, қауіпсіз, сапалы және тиімді медициналық бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЕАЭО-на мүше мемлекеттерде медициналық бұйымдар тапшылығының туындау қаупін жоюға бағытталған. Құжат теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді, қосымша қаржы шығындарын талап етпейді», - дейді депутат.   

Сенат депутаттары аталған заң жобасын мақұлдады.   

29 ақпан, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.