Атырау, 20 желтоқсан 17:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

1 182 просмотра

Сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

26 ақпан 2024 жылы Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов жалпы отырыста судьялар корпусына облыстың жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Қарабеков Абылай Қарабекұлы Атырау қаласының №2 сотының судьясы лауазымына, Азмуханова Айман Нұржанқызы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымына, Даумов Дәуренбек Нұрлыбекұлы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Абылай Қарабеков. Сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Абылай Қарабеков 1993 жылы туған. Өз еңбек жолын 2014 жылы Атырау қаласының прокуратура органдарында бастаған. Әр жылдары сотта сот отырысының бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы болып жұмыс істеді. Кейін Төтенше жағдайлар департаментінде, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ заңгер ретінде жұмысын жалғастырды. 2019 жылы Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.

Азмуханова Айман. Сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Айман Азмуханова 1993 жылы туған. Өз еңбек жолын 2014 жылы Алматы қаласындағы «Алға Каспий Газ» ЖШС-де заңгер болып бастаған. Әр жылдары Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінде бас маман болып жұмыс істеді. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыру - талдау бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.

Сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

М.Парменов судьяларды тағайындалуларымен құттықтап, олардың сот төрелігіне деген сенімді нығайту жолындағы қызметіне сәттілік және судьялық антқа адал болуды тіледі.

27 ақпан, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.