Доссор кентінде жаңа жылдық шырша көктем айына төрт күн қалғанда жинақтала бастады.
Әлеуметтік желіде әкімшілік ғимаратының алдында орналасқан шыршаның құлап жатқаны туралы видео тараған еді.
- Біз шыршаны жинақтап жатырмыз, өзіміз құлаттық, - дейді Доссор кентінің әкімі Асылан ҚОСАМАҒАМБЕТОВ. - Енді тек құрған темірлерін алып, шырша мен ойыншықтары ескіріп жарамсыз болғандықтан, оларды қоқысқа тастамақпыз.
«Бұған дейін шыршаны жинақтап алуға болмады ма?» деген сауалымызға, әкім: «Желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс айлары емес пе? Сол себептен тұра берсін деп едік» деп жауап берді. Айтпақшы, осы шыршаны құруға 1 млн теңгедей қаржы кеткен еді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА