Атырау, 25 қараша 20:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сәт сапар, жас түлек!

3 391 просмотра

Ұлттық бірыңғай тестілеу Атырау облысында 4-8 маусым аралығында бес күн бойына өтеді. Облыс орталығында тестілеу 4, 6 және 8 маусымда жүргізіледі.

«Түлек» дерек қоры қалыптастырған нәтижелер бойынша 99 560 қазақстандық мектеп бітірушілер (жалпы санның 72%-ы) ҰБТ тапсыруға ыхтиярларын білдірген, соның ішінде 68 315-і қазақ мектебінің және 31 245-і орыс мектебінің түлектері. Атырау облысында 4 141 оқушы ҰБТ тапсырады. Солардың ішінде 179-ы - «Алтын белгі» атағына және 91-і - ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер.

ҰБТ-ға санаулы күндер қалса да, оқушылар тек емтиханға дайындалыпқана қоймай,әлеуметтік желілерде өзсезімдерімен бөлісіп, ҰБТ-2013 сынақ үлгілерінде кездестірген орынсыз сұрақтардың суреттерін салып үлгеріп жатыр. Алайда, білім беру министрлігі интернетке салынған орынсыз сұрақтар тек жасанды сынақ үлгілерінде ғана кездеседі деп отыр. ҚР БҒМ-нің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Серік ИРСАЛИЕВ өз сұхбатында қолдан жасалған жасанды сұрақ-кітапшалар Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) шығарған ресми әдістемелік құралдардан өзгеше болатынын айтты. Біріншіден, Ұлттық орталықтың сұрақ-кітапшаларының бірінші бетінде «сектор» блогы басылмайды, ал жасандыларда бұл бар, екіншіден, ҰТО деректер қорында түлектер әлеуметтік желілерде көрсеткен тапсырмалар мүлдем жоқ.

АМУ ғимаратында орналасқан Ұлттық тестілеу орталығының №30 филиалының жетекшісі Нұрсәуле САЙЛАУОВА ағымдағы жылда ҰТО жіберген сынақтық тестілеу материалдарында орынсыз сұрақтар байқалмағандығы жөнінде айтты. Биылғы жылы барлық сұрақтардың 30%-ы жаңаланды және логикаға негізделген тапсырмалар көбейтілді. Түлектер мектеп қабырғаларында бірнеше рет сынақтық тестілеуден өтті. Қалалық және 5 облыстық мектептер үшін сынақтық тестілеу университетте жүргізілді. «Жаттығу» шынайыға жақындатылған жағдайда өткізілді: жақтаулық темір іздегіштер, ұялы телефон сигналдарын «тұншықтырғыштар» және бейнекамералар қолданылды.

- Осылайша, түлектерде ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындалу мүмкіндігі туды, олар тестілеудің нақты қалай өтетінін көздерімен көрді, - дейді Н. Сайлауова.– Біздің орталықта ҰБТ үш кезеңде өтеді: 4 маусымда 674 түлек, 6-сы күні - 753, соңғы күн - 8 маусымда 665 түлек тест тапсырады.

Облыстық білім беру басқармасының бөлім бастығы Бәтима БАХТИЯРОВАНЫҢ айтуынша, ҰБТ өтетін барлық орталықтарда (облыс бойынша - 7: Атырау қаласында және облыс орталығына келіп тапсыратын Исатай ауданынан басқа барлық аудандарда) қажетті жабдықтар: бейнекамералар, аркалы темір іздеу детекторлары, ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыштар қондырылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.