Атырау облыстық қаржы полициясының департаменті екі кәсіпорынның директорларына қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы («Салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтару») бойынша қылмыстық істер қозғады.
Қаржы полициясының жорамалы бойынша, «ЖайықҚұрылысМонолит» ЖШС-нің директоры азамат А. және басқа анықталмаған тұлғалар 2011 жылдың 13 маусымы мен 2012 жылдың 31 желтоқсаны аралығында салық декларациясына шығыстар мен кірістер туралы жалған мәліметтер енгізіп, 407 млн теңге сомадағы салықтарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған. Ал «Эксперт О» ЖШС директоры азамат К. 2008 жылдың 13 мамыры мен 2009 жылдың 31 желтоқсаны аралығында 122 млн теңгеге салықты кем төлеген.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА