Атырау, 25 қараша 20:20
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЖЭО жаңа тұтынушыларға зәру

2 081 просмотра

БАҚ-тарда Нұрсая мен Балықшы ықшамаудандарының жылу жүйесін алдағы уақытта ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосу туралы әлденеше рет хабарланған болатын. Ал жылу бәріне бірдей жете ме?

«Атырау ЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, қазір жылу электр орталығы жаңа ықшамаудандарды қосуға мүдделілік танытып отыр. Өйткені кәсіпорында сұранысқа ие болмаған артық жылу энергиясы байқалады. Қазіргі уақытта барлық қалалық тұтынушыларға ЖЭО өндіретін жылудың 25 пайызы өткізілуде. Алдын-ала есептеулер бойынша, Балықшы қосылған жағдайда бұл жүктеме 10 пайызға, Нұрсая тұрғын үй массиві қосылса, тағы 5 пайызға артпақ.

Артық энергия қайдан келген? Мәселе мынада, кезінде ЖЭО агрегаттары АМӨЗ, «Полипропилен» зауыты, үй құрылысы комбинаты секілді өнеркәсіптік нысандарды қамту үшін жоспарланған. 80-жылдардың басында осы кәсіпорындар үшін жылу энергиясының тапшылығы сезілді. Сондықтан жылу өндірісін арттыру жобасы жүзеге асырылды. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін химия зауыты мен үй құрылысы комбинаты өз қызметтерін тоқтатып, ал АМӨЗ-де өз ЖЭО салынған болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.