2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан аумағында Еуро-3 және одан төменгі экологиялық стандарттарға сай келетін автокөлік құралдарын әкелуге және тіркеуге тыйым салынады.
МЕРЗІМ АУЫСТЫРЫЛДЫ
– 06.02.13 жылғы №97 үкімет қаулысымен елге әкелінетін автокөлік құралдары үшін Еуро стандартын енгізу мерзімі 2014 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылды, - дейді Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің «Ақ Жайық» кедендік бекетінің маманы Жанар БАЙҒАЛИЕВА. – Қазақстанда шығарылған көліктер үшін Еуро-4 стандарты 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінің директоры Лес БАЙМҰҚАШЕВбылай деп түсіндірді:
–Еуро экологиялық сыныбы (2,3,4) – бұл қоршаған ортаға тасталатын шығарындылар деңгейіне байланысты автокөлік құралдарын сипаттайтын техникалық нормативтердің жіктеу коды. Іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған және картерлік газы мен отынның булануы түріндегі зиянды заттар шығарынды деп есептеледі.
Зиянды (ластаушы) заттар қалдықтарына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент М1, М2, М3, N1, N2 және N3 санатындағы автокөлік құралдарына қатысты. Олар рұқсат етілген массасы 400 келіден астам, ал жоғарғы жылдамдығы сағатына 50 км құрайтын іштен жану қозғалтқышымен жарақталған.
М1 санаты – жолаушыларды тасымалдауға арналған (жүргізушіден басқа отыру үшін сегіз орыннан аспайды); М2 – жүргізушіден басқа отыру үшін сегіз орыннан көп, рұқсат етілген жоғарғы массасы 5 тоннаға дейін; М3 – жүргізушіден бөлек сегіз орыннан астам; N1 – рұқсат етілген жоғарғы массасы 3,5 тоннаға дейін жүктерді тасымалдауға арналған; N2 – рұқсат етілген жоғарғы массасы 3,5 тоннадан 12 тоннаға дейін жүктерді тасымалдауға арналған; N3 – рұқсат етілген жоғарғы массасы 12 тоннадан асатын жүктерді тасымалдауға арналған.
– Еуро-4 стандартына сай келмейтін жақында әкелінген көліктердің қожайындары оларды сертификаттауға үлгерулері керек. Әйтпесе, кейін жол полициясы басқармасына оларды есепке қоя алмайды, - дейді Л.Баймұқашев.
ОРАЛҒА ХОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
* Европалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония елдері кіреді. Техникалық регламентке сәйкес өкілетті органдар автокөлік құралдарының сәйкестігін растау жұмыстарын төмендегіше жүргізеді:
- дайындаушы зауыттың немесе оның жергілікті өкілдігінің біркелкі техникалық ұйғарымды қабылдау туралы Женева Келісімі аясында берілген сертификаты бар үш жылдан аз пайдаланылған автокөліктер үшін №9 сызба бойынша, яғни, зертханалық сынақтарсыз;
- үш жылдан аз пайдаланылған, типті мақұлдау туралы құжаттары жоқ, сонымен қатар үш жыл және одан да көп уақыт пайдаланылған көліктер үшін - №7 сызба бойынша, яғни, Техникалық регламентке сәйкес, пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша сынақтар өткізіп, 2-экологиялық сыныпқа сәйкестік сертификатын көрсетеді. Мұнда Атырауда мұндай сынақтар жасаумен айналысатын зертханалардың жоқтығын атап өткен жөн, жақын жерде – Орал мен Ақтау қалаларында бар.
- шыққан тегі 4-қосымшада қарастырылмаған (кестені қараңыз) автокөліктер үшін пайдаланылған газдерді бейтараптандыру жүйелері міндетті болған жағдайда сертификаттау №7 сызба қолданылып, жүргізіледі. Алайда бұл жағдайда берілетін сәйкестік сертификаттарында көлік құралының экологиялық сыныбы жөніндегі мәліметтер болмайды.
Сәйкестікті растау:
- шыққан елі 4-қосымшада көрсетілген, бірақ шыққан жылы сәйкес келмейтін;
- 4-қосымшада қарастырылмаған және пайдаланылған газды бейтараптандыру жүйесі жоқ көлік құралдарына жүргізілмейді.
ОЙ САЛЫП ҚАРАСАҚ
Ал жүргізушілердің көпшілігі сапасы күмәнді отынмен жүретін көліктерге осыншама жоғары экологиялық талап қоюдың мәнісі жоқ дейді.
– Меніңше, осы стандарттар мен талаптардың барлығы биліктің экологиялық қауіпсіздік-тің қамын жегендіктен емес, отандық көлік өнеркәсібіне қолдау көрсету үшін енгізіліп жатқан секілді. Бірақ адамдар шетелдік маркадағы көліктерді жөн санағандықтан және отандық көліктерге таяу уақытта отыр-майтындықтан, олар ҚР-на бұрын әкелінген ескі көліктермен жүретін болады. Сонда қандай экологиялық қауіпсіздік туралы айтуға болады? – деп есептейді жүргізушілердің бірі. – Егер бізде шынымен экология туралы алаңдайтын болса, көлік шыққан ел мен жасалған жылына таңып қоймай, зертханалық зерттеулердің негізіне ғана сүйене отырып сертификаттаған болар еді.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Шығарылған жылы мен өндіруші елге байланысты әкелінетін көліктерге қойылатын шектеулер туралы толығырақ кестеде көрсетілген.2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан аумағында Еуро-3 және одан төменгі экологиялық стандарттарға сай келетін автокөлік құралдарын әкелуге және тіркеуге тыйым салынады.