Атырау, 25 қараша 21:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сырлаумен іс бітер ме?..-2

1 837 просмотра

«Ақ Жайық» газетінің 2013 жылғы 23 мамырдағы санында «Сырлаумен іс бітер ме?..» атты мақала жарық көрді. «...Алғашқы екі компаниялар бөлген қаржы бізге күні кеше аударылды» деген сөздерімді негізге ала отырып, автор «...қазіргі команда да бұрынғы басшылар жақсы қолдана білген «таңертең – үстел, кешке - ақша» қағидасымен жүруді қорашсынбайтын секілді» деген тұжырым жасапты.

Осыған байланысты қасбеттерді жөндеу жұмыстарына қатысты істің нақты жағдайын түсіндіргім келеді. Демеушілер қаржыландыратын тұрғын үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстарын орындау үшін алдын-ала төлемдер сомасының түскеніне де көп болған жоқ. Алайда демеушілермен келісімшарт міндеттемелері қосалқы мердігерлік келісімшарттар жасалғанға дейін жасақталған. Қосалқы мердігер мекемелердің жұмыстары тек олармен келісімшарт жасалғаннан кейін ғана басталды. Орындалған жұмыстар факт бойынша төленеді.

Әлем УӘЛИЕВ, «Қала тұрғын үйлеріне коммуналдыққызмет көрсету» ЖШС директоры

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.