Көрнекі суретФранция денсаулық сақтау министрі тыныс алу жолдары синдромына (SARS вирусы) ұқсас вирустың жаңа түрімен ауырған алғашқы француз азаматы қайтыс болғанын хабарлады.
Министр Марисоль Туреннің айтуынша, қайтыс болған 65 жастағы ер адам вирусты Біріккен Араб Әмірліктерінде жұқтырған болуы мүмкін. Науқас ауруханаға Дубайға барып келген соң, 23 сәуірде түскен. Алғашында науқаста ас қорыту жүейсі қызметінің бұзылуы мен тыныс алудың қиындағаны байқалған.
Қазірге дейін әлемде бұл вирустан 23 адам қайтыс болды. Жаңа вирустың адамнан адамға жұғатыны әлі нақты дәлелденбеген. Бірақ вирус Парсы шығанағы елдерінен Ұлыбритания, Франция және Германияға таралған. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі - Пәкістан, Катар, Иордания және Сауд Арабиясына барғандар.
Вирус Сауд Арабиясында биыл қазан айында болатын қажылық кезінде кең таралуы мүмкін деген қауіп бар.

Дереккөз: Азаттық радиосы
29 мамыр 2013, 09:30