Атырау, 16 қазан 13:10
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

ЕО елдері Сирияға қару-жарақ тасымалына салынған тыйымды алып тастады

2 032 просмотра

Еуроодақ елдері Сирияға мерзімі 1 маусым күні аяқталатын қару-жарақ жеткізуге салынған эмбаргоны ұзартпау туралы шешім қабылдады. Бұндай шешім ЕО қауіпсіздік кеңесі отырысының нәтижесінде қабылданды, деп хабарлады ТелеграфистЪ.

Хейгтің айтуынша, Ұлыбритания Башар Асадтың қарсыластарына қару-жарақты жеткізуді жоспарлап отырған жоқ, дегенмен қабылданған шешім болашақта Сириядағы жағдай нашарлай бастағанда ондағы дауға қатысты үлкен икемділік танытуы керек.

Бұғанға дейін Ұлыбритания Франциямен бірігіп эмбаргоны ұзартпау туралы бірнеше рет пікір білдіріп, сириялық көтерілісшілерге қару-жарақты жеткізу мүмкіндігін қарастырған болатын.

2011 жылы жазда сириялық оппозицияның жаппай шабуылы басталғаннан бірнеше ай өткеннен кейін ЕО тарапынан Сирияға қару-жарақты жеткізу туралы эмбарго қабылданған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

28 мамыр 2013, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.