Атырау, 11 желтоқсан 02:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Әлеуметтік жұмыс орындары туралы заң әзірленіп жатыр

3 393 просмотра

Әлеуметтік жұмыс орындары туралы заң әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР үкімет отырысы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов хабарлады.

«Соңғы жылдары жұмыспен қамтылған мүгедектер саны 50 мыңнан астам адамнан аспайды немесе еңбекке жарамды халықтың 12%-ын құрайды. Аталған бағытта Мемлекет басшысы еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек әлеуетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту тапсырма берген болатын», - деді С.Әбденов.

Министр «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» заң жобасы әзірленіп жатқанын жария етті. Сонымен қатар, аталмыш министрлік Қаржы министрлігімен бірлесіп Кеден одағы аясында мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде мүгедектердің қоғамдық ұйымдарын қолдауға бағытталған заңнамалық тәсілдерді өзгерту бойынша жұмысты бастаған.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға қосымша кәсіби білім беруді ұйымдастыру, қайта даярлау және жұмыспен қамтылуда қолдау көрсету саласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын кеңейту қарастырылып жатыр», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: bnews.kz

28 мамыр 2013, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.