Атырау, 23 қараша 08:49
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Британияда интернет-ритейл «дәстүрлі дүкендерге» бәсекелестік тудыруда

2 372 просмотра

Британияда әрбір бесінші дүкен – жалпы алғанда 60 мың дүкен – алдағы бес жылда жабылып қалуы мүмкін, деген тоқтамға келіп отыр Ритейлді зерттеу орталығы, деп жазады Орталықазиялық жаңалықтар қызметі.

Әңгіме ірі қалалардағы ірі орталық дүкендер жайында. Ең алдымен косметика мен парфюмерия дүкендері, сонымен қатар жөндеу мен құрылыс жұмыстарына арналған құрал-жабдықтар мен қондырғылар дүкендері зардап шегуі мүмкін.

Тұтынушылар белсенділігінің құлдырауы, сатып алушылардың интернетке көшіп, шығындардың – жалға алу мен жұмыс күшін жалдауға жұмсалатын қаражат көлемінің артуы дүкендердің жаппай жабылуына басты себептердің алғашқы тізімінде.

2018 жылға қарай, зерттеу мәліметтеріне сәйкес, дүкендердің 22%-ына немесе, нақтырақ айтар болсақ, 61930 дүкенге жабылып қалу қаупі төнуде. Соның салдарынан 300 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуы ықтимал.

Ритейлді зерттеу орталығының басшысы Джошуа Бамфильд айтып өткендей, осындай жағдайда аман қалу үшін ритейлерлер өзгеріп, сатып алушылардың жаңа тұтыну стиліне икемденулері керек.

«Қалағаныңды иеленудің жаңа әдістері пайда болауда. Сатып алушылар тауарларды желіден іздеп, кейін дүкенге кіріп сатып ала алады немесе шолуларды оқып, интернеттегі бағасымен салыстыра алады», - дейді ол.

Бамфильдтің берген кеңесі бойынша, дүкен иелері тұтынушылардың тілектеріне қалай жауап берудің жаңа әдістерін ойластырғандары жөн, сондай-ақ әлеуметтік желілердің қарқынды дамып жатқанын да естен шығармаған дұрыс. 

Дереккөз: bnews.kz

28 мамыр 2013, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.