Атырау, 8 қазан 04:20
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Жоғарғы Сот Жаңаөзендегі тәртіпсіздікке қатысушылардың бірқатарына қатысты үкімді өзгертті

1 820 просмотра
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысушылардың бірқатарына қатысты үкімді өзгерту шешімін қабылдады.

Атап айтқанда, қадағалау алқасы сотталған Нұрлан Асқарұлына, Марат Қосбармақовқа, Бауыржан Непеске, Жарас Бесмағамбетовке, Марат Әминовке, Қайрат Еділовке шартты түрдегі жазаны қолдануға үкім етті.

Мұндай шешімді бүгін ҚР Жоғарғы Соты қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов жария етті.

Үкімге сәйкес, жоғарыда аталған 6 сотталушы қамаудан босатылатын болады. Ал қалған сотталушыларға қатысты жаза өзгертілмейді.

Еске сала кетейік, қорғаушылар сотталушылардың бір бөлігіне жазаны жеңілдетіп, оны шартты мерзімге өзгертуді, тағы біріне шартты жазаның орнына ақтау үкімін шығаруды сұраған болатын.

Дереккөз: inform.kz

28 мамыр 2013, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.