Атырау, 23 қараша 19:42
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанның еңбек министрлігі мүгедектерге арналған нысандарға қол жетімділік картасын әзірлеуді ұсынды

1 945 просмотра

АСТАНА, 28 мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов Қазақстанда мүгедектерге арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділік картасын әзірлеуді ұсынды.

"Біз нысандарға қол жетімділік картасын әзірлеуді ұсынамыз... Картаны азаматардың әрқайсысы қажетті мәліметі ала алатын қолжетімді сайтта орналастыруға болады",- деді  Әбденов сейсенбіде үкімет отырысында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндамасында.

Ол сонымен қатар мүгедектер ұйымдары тарапынан әлеуметтік-инфрақұрылымның нақты нысандарына мүгедектердің қолжетімділігі  ахуалы бойынша қоғамдық мониторинг енгізуді ұсынды.

Оның айтуынша, «келесі жылы мүгедектерге арналған  жол инфрақұрылымын бейімдеу қажет, қозғалуы қиын мүгедектерге арналған  көлік қызметтері тізімін кеңейту қажет».

Дереккөз: newskaz.kz

28 мамыр 2013, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.