"Бәйтерек" кешені маңында аштық жариялаған "үлескерлер". Астана, 27 мамыр 2013 жыл. Бүгін Астанада "ипотекаға үй алған ондаған борышкер" аштық жариялаған соң, полиция ұстап алып кетті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
"Борышкерлер" үкімет үйінің жанындағы "Бәйтерек" кешенінің маңына жиналған еді. Жиналғандар қолдарына аштық жариялайтыны туралы плакаттар ұстап шыққан. 20 минуттай тұрған соң оларды полицейлер алып кеткен.
"Ипотекаға үй алған" топ белсенділерінің бірі Айгүл Есенова Азаттық тілшісіне "билікке банк алдындағы қарыздарын жауып беру туралы қойған талабы орындалмағандықтан" аштық жариялағандарын айтады.
21 мамырда "ипотекаға үй алып, оның қарызын қайтара алмай жүрміз" деген жүзден аса адам Астанаға жиналған. Олар үкімет және парламенттің қабылдауына кіріп, биліктен қарыздарын жабуды сұрамақ болған. Бұл шараға жиналғандар арасында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және басқа облыстардың тұрғындары бар.
"Үлескерлердің" үш кісіден тұратын өкілін 24 мамырда парламент мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев қабылдаған еді.
Бұған дейін "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев пен астаналық құқық қорғаушы Болатбек Біләлов те осы наразылық акцияларына қатысты әкімшілік жазаға тартылған. Ал "ипотекаға үй алдық" деген топтың екі белсендісіне айыппұл салынған.
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 24 мамырда азаматтық белсенді Берік Жағыпаровты "рұқсат етілмеген митингіге қатысты" деп айыптап, 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарған.

Дереккөз: Азаттық радиосы
27 мамыр 2013, 15:26