Өзбекстанда 6,0 магнитудалы жаңа жер сілкінісі болды. Мұндай мәліметті АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) келтіріп отыр. Мәліметке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы 26,7 шақырым тереңдікте жатқан, деп хабарлайды РБК.
«Гонконг обсерваториясы да Өзбекстандағы күшті жер асты дүмпулерін тіркеген. Бұл қызметтің хабарлауынша, жер сілкінісінің магнитудасы 6,1-ді құраған. Жер сілкінісінің кіндігі Самарқанд қаласынан 71 шақырым қашықтықта орналасты», - делінген хабарламада.
Өзбекстанда кеше Алматы уақытымен 04 сағат 18 минут 36 секундта жер сілкінісі тіркелгенін хабарлағанбыз.
Дереккөз: bnews.kz