Атырау, 27 желтоқсан 02:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Барак Обама Гуантанамодағы түрмені жабатынын мәлімдеді

2 027 просмотра

АҚШ Президенті Барак Обама Ұлттық қауіпсіздік институтында студенттердің алдында сөз сөйледі. Негізгі мәселе Гуантанамодағы лагерьді жабу, пилотсыз ұшу аппараттарының қолданылуы мен әлемдік лаңкестікпен күрес тақырыптарына арналды, деп хабарлайды Russian Today.

«Мен сотталғандарды Йеменге ауыстырудан мораторийді алып тастадым, біз олардың істерін жеке-жеке қарай аламыз. Айып тағылмаған қамаудағы адамдарды біз мүмкіндігінше өзге елдерге жібереміз. Қажет болған жағдайда, лаңкестерді өз сотымызда соттайтын боламыз», – деді Обама.

АҚШ президенті қазір Куба аумағындағы Гуантанамо лагерінде қамауда жатқан адамдарды соттау үшін ел ішінде орын табу жөнінде Қорғаныс министріліге тапсырма бергенін мәлімдеді.

Барак Обама, сондай-ақ, лаңкестердің көзін жою бойынша пилотсыз ұшу аппараттарын қолдануға шектеу енгізу туралы мәлімдеді.

«Мұндай аппараттар соққы жасау салдарынан бірде-бір бейбіт тұрғын зардап шекпейтініне сенімді болған кезде ғана іске қосылатын болады», – деді АҚШ президенті.

Дереккөз: bnews.kz

24 мамыр 2013, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.