Атырау, 12 желтоқсан 09:42
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Алматыда борышкерлер кезекті наразылық шарасын өткізді

1 733 просмотра

Алматыда борышкерлер кезекті наразылық шарасын өткізді. " Баспанамыздан қайтсек те айырылмаймыз" дегендер сөзден іске көше бастады. Орталық көшелердің біріне шығып банктердің макетін өртеген наразы топ, бұл жолы айналаны қоршауға алған.  Заңсыз митинг ұйымдастырып, көшеге өрт қойған шаңырақ қорғаушылары енді жауапқа тартылуы мүмкін.

Астана мен Алматыда бір күнде алаңға шыққан борышкерлердің мәселесі шиеленісіп тұр. Өйткені ипотекамен үй алып, қарызын қайтара алмай жүрген 14 мың адам соңғы күндері қыспаққа түскен. Банктер күштеп баспанадан шығара бастапты. Айта берсе түйткілдің көкжиегі көрінбейді. Айтуларынша, бюджеттен бөлінген 9 млрд. доллар осы борышкерлерге жеңілдік жасалуға жұмсалуы тиіс-тін. Бірақ оның шарапатын банктер ғана көрді деген шарасыз халық, қарсылық шарасын  банктердің макетін өртеуден бастады. Банк пен халыққа билік араша болар ма деген үмітпен.

Сонда да  талабын айтқан қарызгерлердің  алдынан өтуге банк мамандарының ешбірі шешілмеді. Өртке араша түскен полицейлер ғана болмаса.

СҰЛУБИКЕ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, "Халықты баспанамен қамтамасыз етіңіздер" ҚБ жетекшісі:

МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ, тілші:

 Бұдан былай банктерге тыныштық бермейміз деген наразы топ,әуелде жасалған келісімшарт қайта қаралмайынша,алған беттерінен таймақ емес. Бастарындағы жалғыз баспанасы үшін бәріне дайын жұрт, бұл жолы банктердің макеттерін ғана өрттегенмен, шиеленіскен мәселе шешілмесе, алдағы уақытта өз-өздерін өрттеуі мүмкін екенінде ескертті.

Әйтеуір журналистердің қарасынан сескенді ме, әлде халықтың  қаһарынан қаймықты ма, кеште келсе қазақша түсінбейтін басшылығы аудармашысын ерте келіп, елді тыңдады. Бірақ, кездесудің әдеттегіден ерекшелігі бола қойған жоқ.Талаптардың барлығын алдымен қарастырып шығамыз деген бір сөзбен шектелді. Көп талап дейтін де емес. Халықтың сұрағаны біреу ғана ғой. Уақыт қана!

 Мақсат Толықбай, Данияр Жүсіпов.

Дереккөз: 31 арна

24 мамыр 2013, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.