Ақмола облысы, Атбасар қаласының мешітінде Пайғамбарымыздың сақал шәрифін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына табыстау рәсімі өтті деп хабарлайды жергілікті діни қауым.
Атадан қалған мұраны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыны табыс еткен Фатима Әбдібекқызы кешегі қылышынан қан тамып тұрған кеңес үкіметі кезінде де ата-бабадан қалған осынау аманатты көздің қарашығындай сақтап келген.
Фатима апа Әбдібекқызы да осынау жауапкершілігі мол мұраны көзінің тірісінде сенімді орынға табыс еткеніне Аллаға сансыз шүкір айтып, тілегінің қабыл болғанын жеткізді.
Шара соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен дінге жанашыр демеушілер Фатима апамызға Атбасар қаласының орталығындағы жаңа зәулім үйден екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстан, бір ат мінгізіп, шапан жапты.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары