Атырау, 10 желтоқсан 11:27
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Қазақстан парламенті әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтуды қарастыратын заңды қабылдады

2 276 просмотра

Қазақстан парламентінің сенаты (төменгі палата) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құруды және әйелдердің зейнеткерлік жасын сәйкестендіруді қарастыратын «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңын екінші оқылымда қабылдады, сөйтіп, заңды Қазақстан парламенті толығымен қабылдады деп хабарлайды агенттік тілшісі. 

Заңды қабылдауға төрт депутат қарсы шықса, 36-сы қолдап дауыс берді, екі депутат қалыс қалды.

Құжат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құруды, жұмыс берушілердің ауыр және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға міндетті кәсіптік зейнетақы аударымдарын енгізуді, сондай-ақ  әйелдер мен еркектердің зейнет жасын сәйкестендіруді қарастырады.

Зейнеткерлік жасын ұлғайту 2014 жылдан бастап зейнеткерлік жасты жыл сайын 6 айға арттырыла отырып, біртіндеп  2023 жылға дейін  10 жылдың ішінде жүзеге асырылатын болады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА. 

23 мамыр 2013, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.