Бүгін VI Астана экономикалық форумы мен дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары У Хунбо 2013 жылдың соңында әлемдік экономиканы не күтіп тұрғанын болжады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«БҰҰ-ның соңғы болжамдары бойынша, әлемдік экономика 2013 жылы 2,3% деңгейінде өседі. 2012 жылы да осындай баяу қарқын байқалды», - деді форумда У Хунбо.
Ол барлық дерлік өңірлерде өз әлеуетінен төмен деңгейде өсім сақталатынын атап өтті. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі де сылбыр болмақ.
«Дамыған елдер арасында, әсіресе, Еуропалық аймақта жағдайдың қауіпті деңгейі сақталады. Еуропалық аймақтың бірқатар мүшелері екі есе тоқырауды сезінеді. Ал АҚШ секілді державаның экономикасы Еуропалық аймақпен салыстырғанда жақсы уақытты бастан кешіріп жатқанымен, оның келешегі әлі де анық емес», - деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары.
Оның айтуынша, дамушы елдер мен көшпелі экономикалар өсімінің болашағы айтарлықтай дәрежеде үлкен, дегенмен, жаһандық дағдарысқа дейінгі кезеңнен әлеуеттік өсімі төменірек. «Олардың бірқатары құрылымдық қиындықтарға тап болады»,- деді У Хунбо.
Дереккөз: bnews.kz