Атырау, 25 қараша 20:27
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Болашақтың қаласы

3 131 просмотра

Өз қаласының болашағын оның кішкентай тұрғындары қалай елестетеді? Оны білудің ең жақсы әдісі – олардан қала суретін салуды өтіну.

Қоғамдық «Тengri Art» мәдени қоры «Атырау - болашақтың қаласы» атты балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырды. Осындай тақырыппен ұйымдастырушылар туған қаласының тарихы мен мәдениетіне балалардың қызығушылығын оятып, жас суретшілерге өз таланттарын ашуға мүмкіндік беруге тырысты.

Қатысушылар бар өнерлерін салыпты. Байқау жеңімпаздары «Футуристтің көзқарасы», «Гүлденген қала», «Арман қала» деген үш номинация бойынша марапатталды. «Арман қала» номинациясы бойынша бірінші орынды №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Элизабет ГУБЕРТ иеленсе, екінші орын №33 мектеп оқушысы Лилиана ТЕНГЕ, ал үшінші орын №15 мектеп оқушысы Анеля АМАНОВАҒА бұйырды. «Гүлденген қала» номинациясы бойынша орындар былайша көрініс тапты: 1. Эльдар АХМЕТ. 2. Аңсар КЕНЖЕБАЕВ ( №5 мектеп). 3. Карина НИ (№30 мектеп). «Футуристтің көзқарасы» номинациясында 1-орынды Сұлтан ҚАЙЫРЖАНОВ (№18 мектеп), 2-орынды Ахмет ДИАС (Тайманов атындағы мектеп), 3-орынды –Олжас МОЛДАБАЕВ (№30 мектеп) иеленді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.