Атырау, 25 қараша 20:42
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Дін және қоғам»

7 577 просмотра

Дәл осындай тақырыпта «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық дін істері департаментінің ұйымдастыруымен оқу семинары өткізілді. 

- Қазіргі таңда облыста 37 діни бірлестік жұмыс жасайды. Оның 26-сы исламдық бағытта, 3-уі православиелік, 2-уі католиктік, 6-уы протестанттық бағытта-ғы діни бірлестіктер. Осы 37 діни бірлестік шеңберінде облыста 33 ғибадат үйі: 26 мешіт, 2 православиелік шіркеу, 2 католиктік шіркеу және 3 протес-танттық шіркеу жұмыс жасап тұр, - деп мәлім етті Атырау облысы дін істері департаментінің басшысы Еркінбек ШОХАЕВ. 

Мешіттер пен шіркеулерден бөлек 2 исламдық ғибадатхана жұмыс істеп тұр: оның біреуі 30 адамға арналған «Дина» базарында, екіншісі 20 адамға арналған Атырау әуежайында орналасқан. Е.Шохаевтың айтуынша, өңірде қазір бес миссионер жұмыс істейді. Олардың екеуі Польшадан, тағы екеуі Италиядан келгендер (католицизмді насихаттайды), ал біреуі Түркиядан келген (исламды насихаттайды). Бүгінгі күні өңірде Алматы, Тараз қалаларынан үш жылдық келісімшартпен шақыртылған теолог-мамандарының жетекшілігімен Департаменттің ұйымдастыруымен үш ақпараттық-насихаттық топ құрылған.

Айнұр САПАРОВА

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.