Атырау, 10 желтоқсан 01:07
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Қарттарды қалқалаған ұрылар

2 440 просмотра

Криминалдық полиция қызметкерлері 16 ұрлық жасады деп күдіктелген Атырау қаласынынң 23 және 25 жасар екі тұрғынын ұстады.

Атырау ҚІІБ-нің криминалдық полиция бөлімі бастығы-ның орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, күдіктілерді ұрлаған заттарын «Дина» базарында сатып жүрген кездерінде оперативті ақпарат бойынша ұстаған.

- Бір ай жарым ішінде олар мемлекеттік мекемелер – балалар бақшаларын, мектептер мен колледждерді тонаған. Ғимараттарға пластик терезелерін қатты итеріп ашып, кірген. Компьютерлер, ноутбуктар, оргтехникалар ұрлаған, - дейді М. Тағаниязов. – Екеуі де бұрын ұрлықпен сотталған.Барлық қылмыстық сәттерді жинақтап, ҚР ҚК-тің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды, айғақ заттар алынды.

Ұсталғандардың айтуынша, олардың оқу орындарын «таңдағандарының» себебі: ол жерлерде күзетші болып зейнеткер қарт адамдар жұмыс жасайды. Олар ештеңе естімейді, естігеннің өзінде қарсылық көрсете алмайды. Полиция оқу орындарының басшыларына күзетшілерді мұқият таңдауға кеңес береді. Сонымен қатар, компьютерлер мен оргтехникалар тұратын кабинеттерге өрт-күзет дабылын орнату керек.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.