Атырау, 27 шілде 04:43
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Мектептен өрт шықты

1 490 просмотра

16 мамыр күні таңғы сағат төрт жарымда Құрманғазы ауданы Нұржау селолық округына қарасты Жамбыл ауылында (Ганюшкино селосынан 18 шақырым) мектеп өртенді.

Өрт Панфилов атындағы орта мектептің 63 жыл бұрын қамыс блоктан салынған бір қатарлы ғимаратында орын алды. Аудандық ТЖ бөлімі хабарлағандай, жану орнына келген өрт сөндірушілер отты екі сағаттан кейін ауыздықтады. Ғимараттың тең жартысына жуығын өрт шалған. Енді 91 оқушы мен мұғалімдерді көрші Телячье селосына автобуспен таситын болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.