Атырау, 4 қазан 17:48
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Көне сағаттар әлі соғып тұр

10 991 просмотра

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ескі сағаттар көрмесі өтіп жатыр.

Көрмеге маятникті, кварцты және электронды сағаттардың 40-қа жуық ерекше түрі қойылды. Коллекция маржандарының бірі – қазір жұмыс жасауын тоқтатқан орловтық «Янтарь» зауытынан шыққан қабырға сағаты. Жасалғанына талай уақыттар өтсе де, үздіксіз тықылдауда, 12.00-де курантын соққылайды. Екі кілттің көмегімен бұралып, іске қосылады. Бұл сағатты кезінде музейге Ұлы Отан соғысының ардагері, гурьевтік Алексей БОРОДИН сыйлаған екен. Ол, сондай-ақ, Челябинскінің «Молния» сағат зауытында дайындалған ерекше механикалық қалта сағатын тарту еткен екен.

- Мына жерде Атырау қаласынан шыққан саясат қайраткерлері, спортшылар, сазгерлер, экологтар және тағы басқа да атақты адамдардан қабыл алынған қол сағаттар қойылған, - деп көрсетті көрмені ұйымдастырудың бастамашысы, музейдің ғылыми қызметкері Айтуған БАТЫРАШЕВА. Көрменің көптеген экспонаттарында иелерінің жеке атаулары жазылған, бұдан біз бұл заттардың олар үшін қымбат болғанын көреміз. Сондай-ақ, осы сағаттарды шығарған зауыттардың беделі өнімдер сапасына күмән тудырмайды. Бұл жерде аты аңызға айналған «Заря», «Восток», «Москва» зауыттарының сағаттары бар. Олардың көпшілігі ескілігіне қарамастан, дұрыс уақытты еш қатесіз көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анастасия ПАСТУХОВА

Суреттерді түсірген автор

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.