Атырау, 25 қараша 20:20
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайрат құрастырған көлік

3 082 просмотра

Қалалықтар үшін түрпілеу көрінгенімен, иен даладағы құм төсінде гүр-гүр еткен бұл көлікке қызыға қарайтындар табылады.

Оны құрастырған - Қызылқоға ауданы Қаракөл селосының қарапайым тұрғыны Қайрат СИЫХОВ (суретте) деген азамат. Ол көлікті өз шаруасына екі жылдан бері пайдаланып отыр екен.

- Мен бірде газет бетінен Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының бір тұрғынының дәл осындай көлікті құрастырып ойлап тапқанын оқыдым, - дейді Қайрат. – Мен де қызығып кеттім. «Москвичтің» ескі мостысы, «ГАЗ-53» машинасының қорабы, мал  суаратын мотор секілді қажетті бөлшектерді іздеп таптым. Бір қыстың ішінде осы көлікті құрастырып шықтым.

Бұл техниканың сағатына жыл-дамдығы 30-40кмшамасындай.Бірақ, шөп шауып, жинап алу үшін осының өзі жетіп жатыр.

- Пішен шабу мезгілі басталғанда біз тырмауыш пен орақтың агрегатын көліктің соңына тіркеп аламыз да, шөпті өзіміз дайындаймыз.

Қайрат өзінің темір тұлпарына «АИ-80» жанармайын құяды. Ауылда жанармай бекеті жоқ. Сондықтан, жанармайды Атыраудан бөшкелеп тасиды. Кейін оның 1 литрін 130 теңгеден сатады. Қымбат, бірақ басқа амал жоқ.

Бұл оның алғашқы қол жұмысы емес.Қайраттың мамандығы – ағаш шебері. Ол осыдан 10 жыл бұрын өзі ағаш станогын құрастырған. Бүгінде сандық, қол жуғыш, басқа да тұрмысқа қолайлы заттарды өзі ойлап тауып, жасай береді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.