Облыстық ІІІ «Инновациядан дамуға» жастар жобаларының байқауына өтініштер қабылдау басталды. Алғаш рет жеңімпаздарға жүлде ретінде ақшалай сыйақылар табысталып, олар өз жобаларын іске асыруға мүмкіндік алатын болды.
Байқауға 16-35 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады, бастысы тың идея болуы керек. Power Point форматындағы CD-дискідегі таныстырылым 20 слайдтан, Word форматындағы қағаз немесе электронды тасымалдаушыларда 10 беттен аспауы тиіс. Жұмыстар экология, мұнай-химия өнеркәсібі, әлеуметтік сала, қоғамдық-мәдени қызмет, сауда және қоғамдық тамақтану орындары, агроөнеркәсіп кешені, байланыс және ақпараттық технологиялар, қызмет саласы бағыттары бойынша қабылданады.
2011 жылы байқау алғаш рет өткізілді, ол біздің облысымыз үшін ғана емес, бүкіл республика үшін жаңалық болды. Жоғарғы оқу орындарының түлектеріне үміт артылған еді: көктем мен жазда олар инновациялық жобаларға айналуы мүмкін өздерінің дипломдық жұмыстарын дайындап, қорғайды. Сол кезде 30 өтініш беріліп, олардың тек жартысы ғана байқау талаптарына сай келді.
- Дегенмен, қазір де жастар «инновациялық жоба» деген не екенін айқын түсіне бермейді, - дейді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бас маманы Рафхат БОЗБАЛИЕВ. Шын мәнінде бұл жаңа идеяны, негізгі өнімді немесе мақсатты айқын көруді, жобаны жүзеге асыру тәсілдерін ұсынатын бизнес-жоспар болуы тиіс (коммерциялық болуы міндетті емес). Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігі мен «Жас Отан» партиясының жастар қанаты байқау ұйымдастырушылары болып табылады. Жеңімпазға грант – 3 млн теңгені облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасы бөледі. Өткен жылдар жеңімпаздарына тек бағалы сыйлықтар ғана табыс етілетін. Өтініштер 15 маусымға дейін Әйтеке би, 79а мекен-жайындағы 3, 4 кабинетте «Тарлан-Атырау» ҚБ кеңсесінде (Кіші Өнер академиясының жанында) қабылданады, анықтама телефондары 27-62-02, 27-64-43.
Зульфия ИСКАЛИЕВА