23-25 мамырда Атыраудағы «Ренессанс» мейманханасында шекарамен шектес жатқан елдердің халықаралық жастар форумы өтеді. Оған Қазақстан, Ресей және Әзірбайжаннан 35 жастар ұйымы қатыспақ.
Түрлі елдердің белсенді жастары жергілікті атқарушы органдармен өзара жұмыс істеу, түрлі қоғамдық және әлеуметтік бағдарламалар, тәжірибе алмасу, біріккен жобалар құрып, жүзеге асыру мәселелерін талқыға салмақ. Мәселен, Ресейде кәсіпорындар мен ұйымдарда жастар ісі жөніндегі комитеттер көптен бері жұмыс істейді, ал бізде олар енді ғана пайда болуда. Атырауда жастар комитеті алты ірі кәсіпорында: «Атырау-Жарық», ЖЭО, «Қазақстан Темір Жолы» жергілікті бөлімшесі, «Интергаз – Орталық Азия», «Қазтрансойл» мен халықаралық «Атырау» әуежайында бар.
Зульфия ИСКАЛИЕВА