Атырау, 2 желтоқсан 02:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ұнтақ жармасы қымбаттады

3 441 просмотра

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, орташа айлық еңбекақы сәуір айында 184 998 теңгені (бұл 2012 жылдың сәуіріне қарағанда 0,8 пайызға көп) құрады.

Ең жоғарғы табыс кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (537 549 теңге), мұнай өндіру (405 123 теңге), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (273 733 теңге) саласында сақталған. Ең аз табыс – ауыл, орман және балық шаруашылығында (44 193 теңге), сонымен қатар білім беру (65 192 теңге) саласында. Аудандар бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Исатай ауданында – 203 742 теңге.

2012 жылдың сәуірімен салыстырғанда ақылы қызмет құны 2,2 пайызға, азық-түлік тауарларының құны 0,2 пайызға өсті. Ұнтақ жармасы 6,4 пайызға, макарон өнімі 3 пайызға, жұмыртқа мен картоп 0,2 пайызға қымбаттады. Есесіне, ресми мәліметтер бойынша, орамжапырақ (6 пайызға), қарақұмық (4,8 пайызға), күнбағыс майы (1,9 пайызға) арзандаған.

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласында салқын су тарифтері 65,3 пайызға, кәріз жүйесінің тарифтері 0,8 пайызға өсті.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.